«Көк Төбе» телемұнарасын жарықпен жабдықтауға 1,2 млрд теңге жұмсалады
Алматыдағы «Көк Төбе» телемұнарасын жарықтандыруға 1,2 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Мемлекеттік мереке күндері «Көк Төбе» телемұнарасында жарық шоулар өткізілмек. Эскиздік жоба әзірленген, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Идея Мәскеудегі әйгілі Останкин телемұнарасының тәжірибесінен алынған.
– Көк-төбе телемұнарасын сәулеттік жарықтандырудың жаңа жүйесінде әртүрлі жұмыс режимдері, соның ішінде түнгі, мерекелік және еркін режимдер көзделеді. Сондай-ақ, жарықтандыру құрылғылары түсін өзгертуге, суреттерді жобалауға қабілетті, – деп жазылған эскиздік жоба құжатында.
Фото: Yvision.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.