English version

Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды – Тоқаев

Контекст дня — 5 июня 2023 17:30
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсімінде сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен елдіктің ең басты белгісі. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтың басын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды, – деді Тоқаев.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.