English version

Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы болғаны анықталды

Контекст дня — 11 ноября 2022 14:50
0 -1

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінің Венгрия азаматтығын алғанын мәлімдеді.

Кәрім Мәсімовтың үш баласы бар. 10 қараша күні Самарқандтағы түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесу өткізді.

Айта кетейік, Мәсімов қаңтар айындағы оқиғалардан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Қаңтар айының соңында ҰҚК баспасөз қызметі Мәсімов пен оның орынбасарларының ісі аса құпия санатқа жататынын, сот оларды қамауда ұстауға санкция бергенін хабарлады.

10 наурызда ведомствода Мәсімовтен тәркіленген миллиондар, зәулім үйлер мен қымбат көліктер туралы ақпарат таратты.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі жеті рет ұзартылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

13 шілде күні Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімовтің бауыры Нұрлан Мәсімов Ресей шекарасында ұсталды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы болғаны анықталды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.