ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Ділманов 4 жылға сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Алматы гарнизонының әскери сотының мәліметі бойынша, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары — Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен басқа да лауазымды тұлғаларға билікті асыра пайдаланды және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылып отыр.
Айта кетейік, Дархан Ділманов өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірген. Сот оның мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.