Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ермек Көшербаевтың кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттары мақұлдаған.
Бүгін президент Даниал Ахметовты Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатқан еді.
Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.
Білімі: 1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020 ж. 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған еді.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.