Ya Metrika Fast


English version

Көшербаев Ыбықты сай шатқалындағы әдепсіз әрекеті үшін кешірім сұрады

Контекст дня — 28 августа 2023 18:00
0
Изображение 1 для Көшербаев Ыбықты сай шатқалындағы әдепсіз әрекеті үшін кешірім сұрады

Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев Ыбықты сай шатқалындағы әрекеті үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Манас Көшербаев үңгір ішінде әдепсіз сөздер жазылғанын және бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниеті болғанын айтады.


– Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Ыбықты сай – Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші!! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер! – деді ол.

Фото: instagram.comazamat_sarsenbayev


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.