Кәсіпкерлер шошқа өсіретін кешенге қатысты Тоқаевқа жүгінді
Ақтөбе облысының кәсіпкерлері шошқа өсіретін кәсіпорынға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
Бестамақ мал шаруашылығы кешені жергілікті экология департаментінің тексерісінен кейін жабылуы мүмкін. Оған жеті миллиард теңге айыппұл салынды. Айыппұл кем дегенде мың адамды жұмыссыз қалдырып, кәсіпорынның жабылуына әкеледі екен.
Жұмысынан айырылуы мүмкін адамдардың арасында 400-ге жуық қызметкер бар. Сонымен қатар, жыл сайын кәсіпорын 400 млн теңгеге жуық салық төлейді, кәсіпорынның экспорттық айналымы 600 млн теңгені құрады.
Бестамақ мал шаруашылығы кешені – Қазақстандағы ең ірі заманауи шошқа өсіру кәсіпорны. Жобалық өндірістік қуаты жылына 81 000 бас немесе 7 000 тонна шошқа етіне есептелген.
Кәсіпкерлер кінәсін мойындады, бірақ айыппұл мөлшері негізсіз деп санайды. Алматы облысында швейцариялық серіктестермен бірлесіп, 50 млн доллар сомасына мал шаруашылығы кешені салынады. Мұндай шешім ҚР президентінің 2021 жылы Швейцарияға сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстел отырысында қабылданды.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.