English version

«Көзбоушылық»: Ақмола облысының әкімі балалар тапталып қала жаздаған мектепке барды

Контекст дня — 9 сентября 2023 18:10
0 -1

Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы № 1 мектеп-гимназиясындағы бейнежазба тарап, аталған оқиға көпшілікті алаңдатқан еді. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов оқу орнына барды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әкімінің баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбадағы ақпаратқа сәйкес, Ахметжанов мектепке оқу орнының басшылығына ескертусіз келген.

– Ресми түрде келгенде, бәрін дайындап қоясыңдар. Ондай көзбояушылықтың не қажеті бар? Мектептердің дайындығын біреу тексерді ме? Егер ертең балаларға бірдеңе болса, кім жауап береді? Мемлекет басшысы балаларға жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін бірінші орынға қояды, – деді Марат Ахметжанов.

Ол әкімдік пен білім беру басқармаларына барлық мектептерді тексеруді тапсырды.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.