Көзсіз ерлік жасаған өрт сөндіруші халықтың ықыласына бөленді
Өрт сөндіруші Марлен Әбенов Павлодардағы үйлердің біріндегі өрт кезінде адамдарды құтқарып, халықтың алғысын алды.
Instagram-да жарияланған ақпаратқа сәйкес, Марлен Әбенов қауіпті жағдайда қалған көршісіне шығуға көмектесіп, кейін жертөледегі жалынды өшіруге тырысқан.
– Оның бет-әлпетінен қауіпті іске бел байлағанын көруге болады. Біздің өрт сөндірушілер – нағыз батыр, – деп жазылған хабарламада.
Қазнет қолданушылары Марленнің ісіне тәнті болып, отбасына денсаулық тіледі, сондай-ақ ата-анасына осындай ұл тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, бүгін Павлодарда Ломов көшесі, 152/2 мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт салдарынан 9-қабаттағы №54 пәтердің үш тұрғыны зардап шекті. Ересек адам және екі бала көміртегі тотығымен уланған.
Фото: Instagram/tipavlo.dar

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.