KaspiRed арқылы тауар сатып алуға шариғат рұқсат етпейді – Аманқұлов - Exclusive
Поддержать

KaspiRed арқылы тауар сатып алуға шариғат рұқсат етпейді – Аманқұлов

«Сұрауы бар» жобасында қонақ болған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов және дінтанушы Кеңшілік Тышхан дін төңірегіндегі мәселелер туралы пікір білдірді.

Кеңшілік Тышханның пікірінше, дін биліктің бір тармағына айналып кеткен. Сондай-ақ, Қазақстан құқықтық мемлекет екенін айтып, өлім жазасын алып тастау шешімін қайта қарастыруды ұсынды.

– Ең үлкен сорақылық – радикалды бағыттағы және мемлекетке бағынбайтын адамдар мұны ашық айтып отыр. Солардың уағызы шынайы сияқты шығады. Біз құндылық деп санап жүрген имамдарымыздың беделін түсіріп отырмыз. Діни басқарма мен мемлекет басшыларының өз арасында нақты позициялары болуы керек. «Дінде осылай, мен мұны айтуым керек. Ал сіз құқықтық тұрғыда баға беріңіз» деу керек. Шекараны айқындап алу керек, қазір бір-бірінің шекарасына кіріп кетті. Енді бізде министрлердің мінберге шығып уағыз айтуы ғана қалды. Қалған этаптардан өттік, – деді Кеңшілік Тышхан.

Сұхбат барысында KaspiRed арқылы тауар мен азық-түлік сатып алуға қатысты шариғат ұстанымдары сөз болды.

– KaspiRed арқылы тауар сатып алатын болса, шариғат рұқсат етпейді. Сатып алушы KaspiRed немесе карточка арқылы зат сатып алса сатушыға күнә емес. Бұль жерде сатып алушы жауапкершілікті өз мойнына алады. Биткойн дұрыс болу үшін мемлекет шығару керек, мемлекет бақылауға алу керек. Бізде олай емес. Біздің пәтуа үкім емес, кеңес ретінде ұсынамыз, – деді Хасан Аманқұлов.

Фото: скриншот




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.