Кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес уәкілетті органдар 118 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 19 келісімшарт) және қатты пайдалы қазбалар (ПҚҚ) бойынша 245 лицензияны (2023 жылдың басынан бері – 42 лицензия), сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшартты (2023 жылдың басынан бері – 15 лицензия) бұзды.
«Нәтижесінде алтын, көмір, темір, мыс, көмірсутектер, бокситтер, полиметалдар және т. б. кен орындары мемлекеттік қорға қайтарылды, олар кейіннен жаңа инвесторларға беру үшін ашық аукционға шығарылады. Қазірдің өзінде 2023 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне 1,5 млрд теңге көлемінде қол қою бонусы төленді. Бұл ретте көмірсутегі шикізатын барлау бойынша жаңа инвестициялар 15,7 млрд теңгеден асады. Мемлекет есебіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 934 млн теңге айыппұл өндірілді (2023 жылдың басынан бері 603 млн теңге), сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,94 млрд теңге берешек өтелді, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.