Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды
Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– 2013 жылы ол Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірді. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады, – деп жазылған хабарламада.
Экс-әкімнің әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған. Қазір ол тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр.
Қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.