Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды - Exclusive
Поддержать

Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды

Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентаудың экс-әкімі Дәурен Махажановқа үкім жарияланды. Махажанов 366-бап, 4-бөлім «аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

– Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу мен бақылау органдарында және қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салып, он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Мерзім үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі. Күзетпен ұстау уақыты 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап жаза мерзіміне есептелсін, – делінген сот хабарламасында.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *