Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды
Астана қаласының ауданаралық сотының үкімімен Түркістан, Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Аюповке мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ экс-әкімге шығындарды өтеу міндеттелді және мүлкін тәркілеу туралы қаулы шықты.
Айта кетейік, 2022 жылғы 11 наурызда Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.