Ya Metrika Fast


English version

«Кез келген жазаға дайынмын» деген Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Контекст дня — 20 июня 2023 18:20
0
Изображение 1 для «Кез келген жазаға дайынмын» деген Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 28-баптың 3-бөлігі және ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кетейік, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтып, кез келген жазаға дайын екенін, тек ақша жымқыру деген айыпқа келіспейтінін мәлімдеген айтқан еді.


Еске салайық, 2022 жылдың мамырында Ұлттық музей басшылығы халықаралық көрме өткізуге арналған мемлекеттік сатып алу келісімі бойынша 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.