Кеңсе тауарлары күрт қымбаттады
Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады. Кейбір өңірлерде баға 50,1 пайызға дейін өскен.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды – 50,1 пайыз.
Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматы қаласында (14,5%) да айтарлықтай қымбаттаған.
Жамбыл облысында кеңсе тауарларының бағасына қатысты өсім 1,2 пайызды құрайды.
Сурет дәптері былтырдан бері – 14,1, қалам – 13,2, түрлі-түсті қалам жинағы – 12,1, дәптер – 12, А4 қағазы – 10,6 пайызға қымбаттады.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет