English version

«Әкімдердің бәріне айтарым бар»: Президент әкімдерге ескерту жасады

Контекст дня — 12 декабря 2022 16:30
0 -1

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты. Президент Екібастұздағы жағдайды «нағыз апат» деп атады және әкімдерге ескерту жасады.

– Әкімдердің бәріне айтарым бар. Өз өңірлеріңіздің әлсіз тұстарын жіті зерттеп, ол мәселелерді шешу механизмін, алгоритмін қарастырыңыздар. Ертең Екібастұздағыдай болмасын. Бұл өте маңызды, – деді ол.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Екібастұз жылу энергия орталығындағы апаттың мән-жайын анықтауды тапсырды.

– Мен еріктілерге жұмысы үшін алғыс айтқым келеді.  Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығын айқын көрсетті.  Бізде қордаланған мәселелерді жасыру тәжірибесі бар, –деді Тоқаев.

Фото: Борт 01

Изображение 1 для «Әкімдердің бәріне айтарым бар»: Президент әкімдерге ескерту жасады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.