Әкімдерге азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша тапсырма берілді
Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Смайылов 4 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы жақсы өсу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті.
– Қазіргі жағдайда біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл – оңай шаруа емес. Оған экономиканың салаларында үйлесімді жұмысты қамтамасыз ете отырып, қол жеткізуге болады. Алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды, – деді Смайылов.
Үкімет басшысы негізгі капиталға 18,5 трлн теңге мөлшерінде инвестиция тарту керек екенін атап өтті.
– Біздің мақсатымыз – биыл инфляцияны 2 есеге төмендету. Ол үшін үйлесімді және нақты шұғыл шаралар қажет. Биылғы жылдың сәуір айында инфляция 16,8%-ға дейін баяулады. Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сапалы жұмысты жалғастыруы керек, – деді ол.
Фото:elements.envato.com
#Смаилов #АзықТүлік #Қазақстан
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.