Үкімет басшысы балаларының қай жерде білім алатынын айтты
Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары Астанадағы қарапайым мемлекеттік мектепте оқитынын айтты.
Үкімет басшысының өзі Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.
Смайылов журналистердің «қазақстандық медицина мен білімге сенесіз бе?» деген сұрағына жауап берді.
– Әрине, мен білім сапасына да, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Мен және менің жұбайым Қазақстанда емделеміз, – деді Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, 14 маусым күні Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің балалары Кипрде оқитыны туралы ақпарат пайда болды. Бұл дерек қоғамда қызу талқыға түсті.
Фото: Sputnik

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.