English version

Үкімет экономика бойынша 2023 жылдың қорытындысын жариялады

Контекст дня — 18 декабря 2023 18:00
0 -1

Үкімет Қазақстанның 2023 жылғы даму қорытындысын жариялап, негізгі экономикалық көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес экономиканың өсуі 4,9%-ды құраса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7%-ды құраған. Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ $11,5 мыңнан $13,3 мыңға дейін өсті.

Сонымен Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша:

Жылдық мәндегі инфляция қарашада 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді. 6 айдың қорытындысына сәйкес $13,3 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

Жыл қорытындысы бойынша ТШИ шамамен $27 млрд деңгейіне жеткізу жоспарланған. Экономиканың барлық салаларында жалпы құны 967,7 млрд теңгені құрайтын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды.

Жалпы жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.Машина жасау өндірісі 26,8%-рекордтық қарқынмен өскен.

Айта кетейік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 209 млрд теңгеден 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.