Үкімет мүшелері келді: Екібастұздағы жағдай қалай реттеліп жатыр?
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды.
Екібастұзда Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті.
2022 жылғы 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысында қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда. Сағат 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатыр.
Фото: Ukimet

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.