Ya Metrika Fast


English version

Үкімет өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге бөледі

Контекст дня — 31 июля 2023 16:50
0
Изображение 1 для Үкімет өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге бөледі

Орман өртін сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.


– Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесі қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.