English version

Үкімет шегірткемен күреске 4 млрд теңге бөлді

Контекст дня — 31 января 2024 15:10
0 -1

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда кейінгі жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңы ұлғайған:

2020 жылы – 514 мың га;

2021 жылы – 626 мың га;

2022 жылы – 975 мың га;

– Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді. Алайда, 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша үйірлі шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық. Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.