English version

Кінәлі адамдар жауапқа тартылады – Смайылов Екібастұздағы апат туралы

Контекст дня — 1 декабря 2022 15:10
0 -1

30 қараша күні кешке Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат орын алған Екібастұз қаласына барды.

Қалалық ЖЭО-дағы ахуалмен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің м.а. Ә. Сқақов пен «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры м. а. В. Лесиннің баяндамаларымен танысқан премьер-министр төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап арнайы жедел штаб құрылғанын және апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті мамандар тартылғанын атап өтті.

– Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз, – деді Әлихан Смайылов.

Смайылов жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келгенін айтты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.

Фото: Ukimet

https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.