Кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін – Димаш Екібастұздағы апат туралы
Белгілі әнші Димаш Құдайберген Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа кінәлі адамдарды соттауды талап етті.
– Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпаса да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғандықтан, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін, – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұздағы ЖЭО-да қазандықтардың тоқтауына байланысты халық жылусыз қалды. Нысанды олигарх Александр Клебанов басқарады. Бұл жыл басынан бері ЖЭО-дағы екінші ірі апат.
28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды. Апат фактісі бойынша ЖЭО-да тергеу басталды.
Апатты жоюға Астана мен тағы үш қаладан мамандар жіберуді ұйғарды. Апат фактісі бойынша ЖЭО-да қылмыстық іс қозғалды.
Фото: sputnik

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.