Клебанов Екібастұз азаматтарынан кешірім сұрауы керек – депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Екібастұз халқын жылусыз қалдырған кәсіпорынның акционері Клебанов қала халқынан кешірім сұрау керек екенін айтты.
– Екібастұз халқы бүгінде қиналып жатыр. Жағдай қиын, халық тоңып жатыр. Менің ойымша, халықты осындай жағдайға жеткізген кәсіпорын, оның акционері Клебанов мырза Екібастұз азаматтарынан кешірім сұрауы керек. Бізге тұтынушылар алдында жауапкершілік этикасын жасау өте маңызды, – деп жазды депутат.
Сондай-ақ тікелей эфир кезінде түкірген Мәжіліс депутатына айыппұл салынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған видео зерттелген.
– Ортақ пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 айлық есептік көрсеткіш (15 315 теңге немесе 33 доллар) мөлшерінде айыппұл салынды, – деп жазылған хабарламада.

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.