Клебанов Екібастұздағы ЖЭО-ны бір теңгеге сатуға дайын – депутат
Қазақстандық кәсіпкер, «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов Екібастұздағы ЖЭО-ны мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеді.
– Екі күн бұрын әкімдікте жиналыс өтті. Жиналысқа Клебанов мырза қатысты, біз бұл мәселені көтердік. Ол қазір бұл нысанды мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін айтты. Біз бұлай болмайтынын жеткіздік, олар халыққа келтірілген моральдық залалды өтеуі керек, – деді Саиров.
Үкімет мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды.
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.