English version

Компанияларыңыздың жетекшілерін Қазақстанға шақырамын – Тоқаев

Контекст дня — 17 июня 2022 15:10
0 -1

Мемлекет басшысы Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Башқұртстанның сауда-экономикалық, өнеркәсіп, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестікте Башқұртстан Республикасының ерекше орын алатынын атап өтті.

– Біз Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы іскерлік ынтымақтастыққа қатысты нақты жобалар жасауға және дамытуға мүдделіміз. Сондықтан сіздердің компанияларыңыздың жетекшілерін Қазақстанға шақырамын. Біз барлық жағдайды жасаймыз. Бұған қызығушылық танытып отырмыз. Егер сіздердің тарапыңыздан индустриялық әлеуеті ескерілген өте маңызды бірлескен жобалар ұсынылса, жұмысымыз жемісті болады деп ойлаймын, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Башқұртстан дәстүрлі түрде Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

Радий Хабиров кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

– Башқұртстан Қазақстанның бизнесімен жұмысты одан әрі жалғастыруға аса мүдделі. Біз үшін бұл өте маңызды. Осы уақыт аралығында қол қусырып отырғанымыз жоқ. Менің Қазақстанға сапарым барысында бірқатар келісімдер жасалып, уағдаластықтарға қол жеткізілді және олардың бәрі жүзеге асырылды. Ең алдымен, өзара қарым-қатынас инфрақұрылымын жолға қойдық, – деді Радий Хабиров.

Фото: t.me/bort_01


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.