Кореяда ұсталған қазақстандық азамат 15 жылға сотталуы мүмкін
Оңтүстік Кореяға заңсыз аяқ басқан қазақстандық азаматтар ұсталды. Олардың бірі 15 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Елге заңсыз кірген азаматтардың бірі сол күні ұсталды. Ал екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілді.
Айта кетейік, қазір екі отандасымыз қамауда отыр. Олардың айтуынша Кореяға жұмыс істеп, отбасына көмектесу үшін барған. Азаматтардың бірі елге қайтарылады.
Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.