English version

Кремль Тоқаевтың ресейліктер туралы мәлімдемесіне жауап қайтарды

Контекст дня — 27 сентября 2022 17:35
0 -1

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстан мен Ресей басшылары арасында әңгіме жоспарланбағанын мәлімдеді.

– Әзірге Путин мен Тоқаев арасында телефон арқылы сөйлесу жоспарланбаған, – деді Песков.

Песков көші-қон мәселелері тек жоғары деңгейде ғана емес, сонымен қатар уәкілетті органдар деңгейінде де талқылануы мүмкін екенін атап өтті.

– Қажет болған жағдайда бұл мәселелер талқыланады, – деді Песков.

Бүгін, Түркістанға сапары барысында Қазақстан президенті республикаға Ресей азаматтары көп келетінін және бұл мәселе келіссөздерде талқыланатынын еске салды.

– Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек, – деді мемлекет басшысы.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.