Құл-Мұхаммед ресейлік депутаттың даулы мәлімдемесіне жауап қайтарды
Мәжіліс пен Сенат депутаттары Айгүл Құспан мен Мұхтар Құл-Мұхаммед ТМД істері жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің Қазақстан туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Мәжіліс депутаты Айгүл Қапанның пікірінше, Затулиннің пікірі Қазақстанға қауіп төндіреді.
– Өкінішке орай, осындай депутаттардың кесірінен достық қарым-қатынастағы Ресейдің бейнесінен агрессия, менмендік байқалады. Ойдан шығарылған тақырыпты қолдана отырып, мұндай саясаткерлер Ресейдің мүдделеріне қарсы жұмыс істейді. Затулиннің жаңа мәлімдемесі өте жағымсыз және іс жүзінде негізсіз деп саналуы керек. Бұл біздің елде русофобия жоқ екенін көрсетеді. Депутат Затулин мұны байқамайды, – деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.
Константин Затулиннің Қазақстан туралы мәлімдемесіне сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед те жауап қайтарды.
– Депутат Затулиннің рейтингі төмендеген кезде, ол арандатушылық мәлімдемелер айтып бастайды. Біріншіден, екінші деңгейлі банктердің бәрі жеке меншік саналады. Олар қай банк картасымен жұмыс істейтінін өздері анықтайды. Екіншіден, Мир картасы төңірегінде шу мен жанжал көп болды. Ақша үнсіздікті жақсы көреді. Сондықтан депутат уайымы мен наразылығын өзі сияқтылардың арқасында қиын жағдайға тап болған өзінің банк жүйесіне сақтасын, – деді депутат.
Бұған дейін Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин ресейлік Мир карталарын қабылдауды тоқтата тұру туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, бұл Ресей тарапынан жауапсыз қалмайтынын айтты.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.