Ya Metrika Fast
English version

Ұлан-Батырда халық жаппай көтеріліске шықты

Контекст дня — 5 декабря 2022 17:50
0

4 желтоқсан күні Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда халық Үкімет әрекетіне қарсы наразылық шеруін өткізді.

Ереуілге саясаткерлердің экспорттық көмірді ұрлауға қатысты жанжалы себеп болған.

Central Asia media мәліметінше, Моңғолиядан шығарылған көмірдің мөлшері Қытайға жеткен көмір мөлшерінен өзгеше екендігі анықталған.

Қытай тарапы көмірді ұрлауға қатысы бар шенеуніктерді өлім жазасына кескен. Сондай-ақ осы іске қатысы бар моңғол саясаткерлерінің аты-жөнін Премьер-Министр Оюун-Ерден Лувсаннамсрайға жіберген.

Алайда, өлім жазасы туралы ақпарат Қытайдың мемлекеттік және жеке бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмаған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.