Лариса Пактың қылмыстық ісін тергеуге қатысқандардың үстінен іс қозғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактісі бойынша тергеуді бастады.
– 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді. Кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Лариса Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды, — делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 2017 жылдың шілдесінде Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары ұсталды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет