Ya Metrika Fast


English version

Әлемдік ІТ-компаниялармен тиімді байланыс орнату керек – Тоқаев

Контекст дня — 28 февраля 2024 16:30
0
Изображение 1 для Әлемдік ІТ-компаниялармен тиімді байланыс орнату керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған жаңа Инновациялық орталықты ашып, Қазақстанды Еуразияның негізгі транзит хабына айналдыру мақсатында қабылданып жатқан кешенді шараларды оң бағалады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесіне айрықша мән бердім. Қазақстанда озық IT-шешімдерді енгізу үшін берік негіз қалыптасқан. Отандық теміржол саласы «цифрлық жарысқа» уақыт оздырмай қосылуға тиіс. Бұған белгілі бір деңгейде әзірлік бар екенін көріп отырмыз. Цифрландыруды жеделдету есебінен таяу арада тасымал тиімділігін арттыру және шығындарды қысқарту міндеті тұр. Бұл тек көлік-логистика саласының ғана емес, жалпы экономиканың дамуына тың серпін береді. IT-шешімдер ретсіз енгізілмей, бір-бірін толықтырып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Бұл – маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев аталған міндетті жүзеге асыруға отандық компанияларды тарту қажет екенін айтты.


– Мен осы жұмысқа отандық ІТ-компанияларды тарту туралы ұсынысты толық қолдаймын. Елімізде сондай компаниялар және мамандар аз емес. Әлемдік ІТ-компаниялармен тиімді байланыс орнату керек. Экономиканың барлық саласында осындай стратегияны жүзеге асырған жөн, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларға атсалысып жатқан шетелдік компанияларға алғыс білдірді.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.