Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп танылған сарбаз 9 жылға сотталды

Әскери борышын өтеп жүріп, қаза тапқан Әлібек Қалбайдың ісі бойынша айыпталған сарбаз 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Айболат Аманжолов сот үкімі бойынша кінәлі деп танылды. Аманжоловтың туыстары жазамен келіспейтіндерін мәлімдеді.
Еске салайық, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, әскери борышын өтеп жүргенде көз жұмған.
– Күдікті онымен бірге әскерге шақырылған сарбаз болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған, – деп хабарлады Бас прокуратура.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.