Әлия Назарбаевадан «ӨКМ операторына» қатысты жауап алынуы мүмкін
Астанада 6 сәуір күні «ӨКМ операторына» қылмыстық талқылауы бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айыпталушылардың адвокаттары іс бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алуды сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алдын ала тыңдаулар Байқоңыр ауданының №2 елордалық сотында өтеді. Адвокат Коротенко қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтініш білдірді.
– Назарбаеваның осы іс бойынша тоқтатылған зауыты бар. Ол заңсыз ақшаға салынғандықтан тәркіленуі мүмкін. Ол бізбен ешқандай мәртебеде жұмыс істемеді. Біз одан бірнеше рет жауап алынуын сұрадық, – деді заңгерлердің бірі.
Айта кетейік, 2022 жылы ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.
Қаңтар айында Үкімет қаулысымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (ӨКМ) функциялары «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына берілді.
Фото: Азаттық
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.