LRT дауы: Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Арданның ісі сотқа өтті
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және олардың сыбайластарына қатысты айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы хабарлағандай, қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 304-бабы тәртібінде айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушыларына, оның ішінде айыпталушы Сұлтанбеков пен Арданның қорғаушыларына қолхатпен табыс етілді.
– Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып, келуден жалтарды. Осыған байланысты прокуратура оларға қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгені туралы хабарламаны жариялайды, – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтанда «Астана LRT» ісіне нүкте қойылды.
«Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері жеті жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
«Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына халықаралық іздеу жарияланды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет