English version

LRT жобасын аяқтауға 50 миллиард теңге бөлінеді

Контекст дня — 28 февраля 2023 18:10
0 -1

Астанада LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– LRT аяқталады. Тиісті қаражат та қарастырылған. Биыл LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлеміз. Біз құрылысты қала әкімдігімен талқыладық. Бірінші кезекте жұмыс әуежай тарапынан басталады. Қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алуға аванс беруге бағытталады, – деді ол Үкімет кулуарында.

Министр қаражат республикалық бюджет комиссиясының отырысында бекітілгенін атап өтті. Енді жоба ҚР Парламентінің қарауына түсуі тиіс, содан кейін қол қойылады. Марат Қарабаевтың пікірінше, ақша сәуір айында әкімдікке беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT 2024 жылдың соңына дейін аяқталатынын айтқан.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.