Ya Metrika Fast
English version

Құлсары қаласының 1000-ға жуық тұрғыны қоныстойын тойлады

Контекст дня — 27 августа 2024 18:10
0

Атырау облысының Жылыой ауданында сәуірдегі су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Табиғаттың тосынапатынан зардап шеккен құлсарылық 984 адам Тимур Құлыбаевтың «Халық» қайырымдылық қорынан атаулы көмек алды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Атақты меценат, әрі кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге 30 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражаттың барлығы азаматтардың шоттарына аударылып, жаңа тұрғын үй салуға немесе бұрыннан бар үйлерді жөндеуге арналды.

Жергілікті әкімдік тұрғындардың өтініштерін қарап, ең көп шығынға ұшыраған адамдардың тізімдерін ұсынды. Ал мүлікті бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді.

Айта кету керек, зардап шеккендерге тікелей көмек көрсетумен қатар, «Халық» қоры Атырауда қорғаныс бөгеттерін салуға демеушілік көрсетіп, жанар-жағармай, қап және басқа да құрал-жабдықтар алуға 280 миллион теңге бөлген.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.