Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгеріс енгізілді
Ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгеріс енгізілді. Өзгеріске сәйкес, биылғы түлектер Ұлттық бірыңғай тестілуден 5 рет өте алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі болады. Талапкерлер жалпы саны бес рет тестілеуден өтуге құқылы.
– Өткен жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.