Ya Metrika Fast


English version

Ұлттық экономика вице-министрі Өсеров 5 жылға сотталды

Контекст дня — 26 сентября 2023 17:30
0
Изображение 1 для Ұлттық экономика вице-министрі Өсеров 5 жылға сотталды

Алаяқтық жасады деп айыпталған Ұлттық экономика вице-министр және Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ілияс Өсеров 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Сот экс-шенеунікті кінәлі деп таныды. Тергеп-тексеру амалдарының қорытындысына сәйкес, Өсеров Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың мүлкін тәркілеу кезінде оның бір бөлігін өзіне иемденген. Айта кетейік, сотталушы өз кінәсін мойындамады.


Еске салайық, Алматы әкімі болған Виктор Храпунов пен оның жұбайы 2018 жылы “қылмыстық топ құрды”, “алаяқтық жасады” деп айыпталған болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, сырттай 17 және 14 жылға соттады.

Фото:gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.