English version

Ұлттық қордан төлем алу үшін балаларға шот ашу керек пе? – министр жауабы

Контекст дня — 2 ноября 2022 17:10
0 -1

Экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ұлттық қордан төлем алу үшін балаларға шот ашу керек пе?» деген сауалға жауап берді. Министрдің айтуынша, кәмелет жасқа толмаған балаларға алғашқы төлем 2022 жыл үшін түседі.

Әлібек Қуантыров шоттың 2024 жылдан бастап Әділет министрлігінің дерекқорындағы ақпарат негізінде автоматты түрде ашылатынын мәлімдеді.

Шотқа түсетін қаражат сомасы бала 2024 жылы қанша жасқа толады, соған байланысты есептелетін болады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» жаңа бағдарламасы іске қосылатынын айтты.

– Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аудары­лып тұрады, оны мерзімінен бұрын есеп­шоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын, деді Тоқаев.

Фото: Pexels

Изображение 1 для Ұлттық қордан төлем алу үшін балаларға шот ашу керек пе? – министр жауабы
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.