Ұлттық құрылтайда жер мәселесін ешкім көтерген жоқ – Тайжан
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ұлттық құрылтайда жер мәселесі көтерілмегенін айтып, жер мәселесіне қатысты конференция өткізетінін хабарлады.
Айта кетейік, Мұхтар Тайжан Ұлттық құрылтайға шақырылғандар құрамында болған жоқ.
– Өкінішке орай, кешегі Ұлттық құрылтайда халықтың бүгінгі таңда ең басты проблемасын — жер мәселесін — ешкім көтерген жоқ. Президент Тоқаев та бұл тақырыпты қозғамай қалдырды. Құрылтайға мені жібермегені білесіздер. Сол үшін біз әріптестермен бірге мынандай шешімге келдік. Біз өзіміз жер проблемасына қатысты (құрылтай айтпай-ай қояйық) Астана қаласында конференцияны өткіземіз. Бұл конференцияға Солтүстік, Ақмола және Қарағанды жер белсенділері келіп қатысады. Бір бірімен танысады, күрестің тәжірибелерімен бөліседі, дос-әріптес болады. Бұл конференцияға адвокат-заңгерлер де қатысады, жер проблемасын заңды жолын түсіндіреді.
Бұл конференцияға біз президент әкімшілігінің жетекшісін Мұрат Нұртлеуді, мемкеңесші Ерлан Каринді, ПӘ орынбасары Аида Балаеваны, премьер-министр Әлихан Смаиловты, 1 вице премьер Роман Склярды, АШМ министрі Ербол Қарашөкеевты, 1 орынбасары Айдарбек Сапаровты, Жер комитетінің төрағасын Мұрат Теміржановты шақырамыз! Жерге мұқтаж, жерсіз қиналып жүрген ауыл тұрғындарының мұн-мұқтажын естиміз десеңіздер, біздің конференцияға келіңіздер! Халыққа құлақ асатын мемлекетті құрамыз деп отырсыздар ғой, олай болса халық пен биліктің арасындағы бұндай шынайы (жасанды емес), талқылау сахналарды біз жиі ұйымдастыруымыз қажет! Бір мақсатқа жету үшін біз бірігуіміз керек, ағайын! –деп жазды Мұхтар Тайжан Facebook парақшасында.
Фото ашық деректерден
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.