English version

Лукашенко Астанадағы саммитте үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті

Контекст дня — 13 октября 2022 15:10
0 -1

Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанада өткен саммитте Батысты посткеңестік кеңістіктегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті үшін айыптады.

– Беларусьтағы жағдайды тұрақсыздандырудың шексіз әрекеттері жалғасып жатыр. 2020 жыл шетелдік кураторлар көтерілісті ашық түрде басқарды. Дәл осындай сценарий бұрын Украинада да байқалған. Мұның бәрі неге әкелгенін көріп отырмыз. Бақытымызға орай, 2022 жылы біз Қазақстанда бейбітшілікті сақтай алдық. Басқа елдердің мемлекеттік төңкерістерін ұйымдастыру тәжірибесі және осы сынаққа жауап бере алған мемлекеттердің санкциялық жазалау диктаты халықаралық құқық нормаларына сәйкес келе ме? Мұндай сұрақты ешкім де қоймайды, – деді ол.

Беларусь президенті әлем халқына үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі төніп тұрғанын ескертті.

– Біздің жауабымыз біржақты болуы керек. Бұл нәрсе үшінші дүниежүзілік соғыстың өршу қаупін тудырады, соғыста жеңімпаздар болмайды. Бұл мәселе туралы барлығы ойлануы керек. Өйткені соғыс қаупі тек Еуропаға ғана емес, бүкіл әлемге төніп тұр. Әлемді дүр сілкіндірген қақтығыстар желісі Азияға да жетті, – деді Лукашенко.

Фото: Борт 01

Изображение 1 для Лукашенко Астанадағы саммитте үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы ескертті

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.