English version

Лукашенко, балаңды ертіп соғысқа бар, қазақтарға тиіспе – Шораев

Контекст дня — 14 февраля 2023 16:30
0 -1

Қоғам қайраткері, журналист Арман Шораев Александр Лукашенконың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі кезінде айтқан пікіріне жауап қайтарды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ елдері Украинадағы соғыс кезінде шетте қала алмайтынын айтты.

– Егер кімде-кім Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс біздің қақтығыс емес, бұған біз араласпаймыз деп ойласа, ол ойынан ешнәрсе шықпайды. Белгілі бір ұстанымды қабылдайтын уақыт келеді. Мен ұлттық мүддеге немесе т.б. зиян келеді деп айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің барлық кемшіліктерімізбен бірге әрекет ету үшін біз өз саясатымызды, бағытымызды нақты анықтауымыз керек. Біз бірге болсақ, барлығы оңай әрі ұтымдырақ болады, – деді ол.

Арман Шораев Лукашенкоға жауап қайтарып, ҰҚШҰ ұжымының алдағы екі жылда тарап кететінін айтты.

– Біздің еліміздің бұл ұйымнан шығудан басқа амалы қалмады деп ойлаймын. ҰҚШҰ – диктаторлар клубы. Лукашенко Ресейдің тас-талқан болып жеңілетінін, кейін Путин екеуінің сот залында отыратынын түсінеді. Осылайша, ҰҚШҰ хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке бұл жағдайда Қазақстанның қалай әрекет етуін түсіндіргісі келеді. Тыңда Лукашенко, ҰҚШҰ ұйымы алдағы 2 жылда тарап кетеді. ҰҚШҰ құрамында аймақ мәселесіне қатысты қақтығысқан елдер бар. Қырғызстан мен Тәжікстанды мысалға келтіруге болады. Армения мен Әзербайжан арасындағы таласта ҰҚШҰ қайда болды? Ештеңе істей алмады. Путин тығылып қалды. Лукашенко, Путин бірде-бір қазақ баласы сендер үшін қан төгуге бармайды. Лукашенко, Путлер-Гитлер үшін өз балаңды ертіп алып соғысқа бар, қазақтарға тиіспе, – деді Шораев.

Коллаж: Exclusive.kz

Изображение 1 для Лукашенко, балаңды ертіп соғысқа бар, қазақтарға тиіспе – Шораев

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.