English version

Лукашенко: Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал

Контекст дня — 23 декабря 2022 16:50
0 -1

Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь Қарулы Күштерінің әрекеті туралы сұраққа жауап берді.

– Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал. Бұл тәмсілді мен ойлап тапқан жоқпын. Осылайша, мен Беларусь Қарулы Күштері мен Ресей Қарулы күштерінің бірлескен әрекеті қауесеттерге жауап бергім келеді, – деді Лукашенко.

Лукашенко Беларусь пен Ресейдің ортақ келісімге сәйкес одақтас мемлекетке төнген қауіп-қатерлер кезінде бірлесіп әрекет ету үшін қарулы күштер тобы құрылғанын еске салды.

– Біз түрлі жаттығулар өткіземіз. Қазіргі жағдай мен қауіп-қатерге байланысты жаттығулардың маңызы зор. Сондықтан біз өз аумағымызда жаттығулар өткіземіз. Қарулы Күштердің бірлескен тобын да, қарулы күштерімізді де қажет деп санайтын жерге көшіреміз. Осымен сөз тәмам. Басқа ниетіміз жоқ, – деді Беларусь президенті.

Фото: РИА

Изображение 1 для Лукашенко: Бейбітшілікті қаласаң – соғысқа дайындал

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.