Ya Metrika Fast


English version

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Контекст дня — 13 марта 2024 16:30
0
Изображение 1 для Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Бүгін Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты Жезқазған қалалық соты үкім шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Олар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

– Сот үкімімен мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, – деп жазылған хабарламада.


Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.