Ұлытауда асырап алған балаларды құлдықта ұстағандарға қылмыстық іс қозғалды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева асырап алған 3 баланың 5 жыл шаруашылық фермасында құлдықта болғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Бір отбасынан шыққан үш бала, қыз және 2 ұл, 2018 жылы 14, 12, 8 жасында балалар үйінен алынды. Үлкен балаларды қаладан 20 шақырым жердегі фермада ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген.
– Комиссия мүшелері фермадағы балалардың өмір сүру жағдайы адам шошырлық екенін айтты. Олардың денесі көгерген, жүдеген, шаршаған әрі аш. Қамқоршы жылдар бойы балаларды мазақ етіп, ұрып-соғып, азаптап, құлдыққа салған. 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген. Үлкен қыз колледжді бітірді, бірақ іс жүзінде сабақта болмады. Екінші бала колледжде «оқиды». Органдар оқу орындарын тексергенде олардың үнемі ауырып жатқаны туралы анықтамалар беріліп отырған, – деді Зәкиева.
Қамқоршы қызға егер ол «жұмыс жасамаса немесе шағымданса, бауырларыңды көрмейсің» деп қорқытқан.
Қазіргі уақытта сұмдық жағдайға қатысты қылмыстық іс ашылды. Балалар бірге және қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіледі.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.