Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі - Exclusive
Поддержать

Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ұстаз деген ең қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз», – деді мемлекет басшысы.

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді.

«Ұстаз – ол тек мамандық қана емес, сонымен бірге арнайы ағартушылық миссия.Сіздер күн сайын балаларды білім нәрімен сусындатып, олардың дарындарын ашуға, дұрыс құндылықтарды бойларына сіңіруге көмектесесіздер. Мемлекет басшысының шешімдері арқасында мұғалімдердің жалақысы бірнеше жылдан бері жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Биыл 25 жылдан астам еңбек еткен барлық ұстазға арнайы марапат тағайындадық. Өйткені өз ісіне осынша жыл адал қызмет еткен мамандар ерекше құрмет пен қолдауға лайық. Сонымен қатар 30 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар мұғалімдерді санаттар мен ай сайынғы қосымша төлемдер алу үшін тапсыратын тесттен босату туралы шешім қабылдадық», – деп жазды Аймағамбетов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.