Мәсімов пен Тұрғымбаев туралы тың дерек шықты
Бас прокурордың орынбасары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тергеу жалғасып жатқанын және бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қылмыстық іске қатысы жоқ екенін айтты.
– Соттылық әлі анықталған жоқ, қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр, – деді Әсет Шындалиев.
Сонымен қатар, ол бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан тек куәгер ретінде жауап алынғанын растады.
– Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмаған. Оның процессуалдық мәртебесі жоқ, – деді Бас прокурордың орынбасары.
Комментариев пока нет